Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 845 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 6 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин) заңда белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz. интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 25 қарашадағы
№ 845 бұйрығымен
бекітілген
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы
қамқоршылық кеңес туралы
ереже
1. Жалпы ережелер