«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 113 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 467 бұйрығымен күші жойылды
2014 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес мәжілісі № 1 хаттамасының 2 бөліміндегі 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 200 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшасын осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы Б.Б. Атамқұловқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушысының
2014 жылғы 6 ақпандағы
№ 113 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушысының
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 200 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
сараптамалық кеңестің құрамы
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов | - | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы, төраға |