«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығы
(2024.25.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 460 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Ішкі істер министрінің 2023.08.02. № 146 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 25 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 966 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18157 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 қаңтарда «Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде электронды түрде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 144 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18345 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 наурызда «Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде электронды түрде жарияланған).