Введите номер документа
Прайс-лист

«Тауарларды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығы (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датавторник, 13 июля 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 1 августа 2021
Дата последнего изменениячетверг, 1 января 2026

Тауарларды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығы

(2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2025.31.07. № 231-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-2), 7-3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2025.31.07. № 231-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тауарларды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) бекіту.

2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:

1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұйрықтың көшірмесін ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом