Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығы
(2016.22.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.22.06. № 514 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.22.06. № 514 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;