«Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 629 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 784 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 629 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 11 қарашадағы
№ 1321 қаулысымен
бекітілген
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған
кешенді жоспары
| Р/с № | Iс-шара атауы | Аяқталу нысаны | Орындауға (iске асыруға) жауаптылар | Орындау (iске асыру) кезеңі | Болжамды шығыстар* (млн теңге) | Қаржыландыру көздерi |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
| Жаңаөзен қаласындағы халықтың тығыздығы проблемасын шешу | |
| 1 | Жаңаөзен қаласының мұқтаж азаматтары үшін Ақтау қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй сатып алу | шарттар жасасу | ИИДМ, Маңғыстау облысының әкімдігі | 2019 жыл | 2019 жылы - 2 900,0 | республикалық бюджет | |