Введите номер документа
Прайс-лист

«Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 75-н/қ бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 28 ноября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 5 ноября 2025
Дата последнего измененияпятница, 28 ноября 2025

Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 75-н/қ бұйрығы

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 179-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2. Мыналар:

1) Қағидалардың 4-тармағының 23) және 25) тармақшалары, сондай-ақ 88-тармақтың 9) тармақшасы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

2) Қағидалардың 4-тармағының 16) және 24) тармақшалары 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады;

3) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидалардың 6-тармағының бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда қолданылады:

«Егер сатып алынатын тауар бойынша ҚТӨ тізілімінде екі немесе одан да көп тауар өндіруші болса, тапсырыс беруші көрсетілген тауар өндірушілер арасында ашық конкурс немесе бағаны төмендетуге арналған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) тәсілімен сатып алу жүргізеді.

Егер ҚТӨ тізілімінде сатып алынатын тауардың бір ғана өндірушісі болса, сатып алу осы тауар өндірушіден бір көзден алу тәсілімен осы Қағидалардың 88-тармағының 10) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.»;

4) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидалардың 46-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады:

«1) тапсырыс беруші сатып алатын тауардың өндірушісі ашық конкурсқа өтінім берген кезде - қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірме;».

5) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидалардың 88-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом