«Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнаулы бағдарлама)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 390 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 675 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнаулы бағдарлама)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 390 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидалары (Арнаулы бағдарлама):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1-тармағының бесінші абзацы 2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
1) академиялық адалдық - білім беру процесіне қатысушылардың мінез-құлқын айқындайтын, олар білім беру, тәрбиелеу, оқыту және (немесе) ғылыми қызметті жүзеге асыру кезінде сақтайтын адалдық, әділдік, құрмет, жауапкершілік пен сенім қағидаттарына негізделген нормалардың, қағидалар мен құндылықтардың жиынтығы;
2) кадрлық резерв мектебі - өз саласындағы көшбасшылар қатарынан басқарушылардың кадрлық резерві;
3) мектеп командалары - ортақ мақсат пен құндылықтар біріктірген педагогтер мен басқарушылар тобы (кейде оларға оқушылар да қосылуы мүмкін);
4) нысаналы өңірлер - білікті, ынталы педагогтерді тарту мен ұстап қалудың орнықты моделін құру және білім беру сапасын жақсарту үшін таңдалған өңірлер;
5) педагогтердің цифрлық технологиялық құзыреттері (бұдан әрі - педагогтердің ЦТ-құзыреттері) - педагогтің білім беру процесінде цифрлық технологияларды тиімді қолдану, білім алушыларды оқытудың дербестендірілген және бейімделген тәсілдерін жүзеге асыру, кері байланыс алу және оны беру қабілеті;