Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 241 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 15 апреля 2021
Статус
Утратил силу
утратил силу с 18 января 2022

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 241 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына, 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) ретінде қайта құру жолымен;

2) «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына «Жасыл даму» акционерлік қоғамын қосу арқылы.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді;

2) серіктестік мемлекеттік тіркелгеннен кейін мемлекеттік қатысу үлесінің 100 (бір жүз) пайызын «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беруді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін қоса беріліп отырған өзгерістер бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом