Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2025 ЖЫЛҒЫ 1 ШІЛДЕ МЕН 2026 ЖЫЛҒЫ 1 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНД...

Информация о документе
Датапятница, 31 октября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 31 октября 2025

2025 жылғы 1 шілде мен 2026 жылғы 1 шілде аралығында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 212 бұйрығы

(2025.31.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2025 ж. 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 1 шілде мен 2026 жылғы 1 шілде аралығында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимиттері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Сапаров

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025.20.10. № 380 бұйрығымен лимиттері өзгертілді (2025 ж. 31 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрінің

2025 жылғы 2 шілдедегі

№ 212 бұйрығына

қосымша

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом