Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығы
(2020.22.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.30.05. № 216 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 46-5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.30.05. № 216 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап, күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 16-07/332 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.30.05. № 216 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу
қағидалары
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.06.04. № 115 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.30.05. № 216 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)