Введите номер документа
Прайс-лист

«Салық төлеушінің паспортында қамтылған мәліметтер тізбесін, оны қалыптастыру және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру қағидалары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 917 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 17 октября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2026
Дата последнего измененияпятница, 17 октября 2025

Салық төлеушінің паспортында қамтылған мәліметтер тізбесін, оны қалыптастыру және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру қағидалары мен мерзімдерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 917 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 36-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Белгіленсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Салық төлеушінің паспортында қамтылған мәліметтер тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Салық төлеушінің паспортын қалыптастыру және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру қағидалары мен мерзімдері белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Жасанды интеллект және

Цифрлық даму министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2025 жылғы 17 қазандағы

№ 917 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Салық төлеушінің паспортында қамтылған мәліметтер

тізбесі

 

1. Дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

2. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом