Ақтөбе қаласы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 315 шешімі
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 520 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 7-баптарына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы | А. Кабиев |
| Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы | С. Шынтасова |
Ақтөбе қалалық мәслихатының
2018 жылғы 30 наурыздағы