«Кәсіби диплом нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 1000 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 5 тамыздағы № 256 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіби диплом нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 1000 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12551 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған диплом нысанын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы | М. Калиакпаров |