«2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 24/278 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 16 ақпандағы № 25/291 шешімі
Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 24/278 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026 - 2028 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес оның ішінде 2026 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 452 018 300,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 122 069 640,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 10 607 051,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 63 856,0 мың теңге;
арнаулы түсімдер бойынша - 12 492 335,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 306 785 416,7 мың теңге;
2) шығындар - 443 285 246,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -1 761 422,7 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 10 945 725,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 12 707 147,7 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 12 141 847,9 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 12 141 847,9 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге:
5) бюджет тапшылығы (профицит) - -1 647 371,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 647 371,7 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 8 845 725,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 7 198 450,7 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 97,4 мың теңге.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Облыс әкімдігінің 2026 жылға арналған резерві 10 858 594,4 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы | Ж. Матаев |