Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының 2017 жылғы 22 маусымдағы № 29 бұйрығы
(2022.21.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына, «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14530 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларының 4-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынандай:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес телекоммуникациялар секторында бекітілген;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пошта байланысы секторында бекітілген, ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейі бекітілсін.
2. Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Ақпараттандыру және байланыс саласындағы бақылау жөніндегі басқармасы (Б.Х. Тәжібаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;