Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір актілерінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 139 бұйрығы
Прокуратура органдары қызметін реттейтін актілерді тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңының 11-бабының 4)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір актілерінің күші аталған бұйрықтың қосымшасына сәйкес жойылсын.
2. Бұйрық Бас прокуратураның барлық құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрайымына, Бас прокуратура Құқық қорғау академиясының Ректорына, облыс және оларға теңестірілген прокурорларға мәлімет және жұмыста қолдану үшін жіберілсін.
| Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры | А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 139 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
күші жойылатын кейбір актілерінің тізімі
1. «Үкімет және басқа да мемлекеттік билік пен басқару орталық органдарының нормашығармашылық қызметіндегі кемшіліктерді дер кезінде анықтау, заң жобаларына қажетті түзетулерді Парламент палаталары комитетімен талқылау сатысында енгізуге шара қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 1999 жылғы 15 маусымдағы № 43 бұйрығы.
2. «Қызметтік жеңіл көліктердің қажеттілігіне шек бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 1999 жылғы 28 маусымдағы № 53 бұйрығы.
3. «Комиссия құру туралы» (қаржы шаруашылық қызметіне тексеру жүргізу туралы) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2001 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығы.
4. «Дүниежүзілік Интернет желісінде Қазақстан Республикасы прокуратурасының Веб-сайтын қамтамасыз ету тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2001 жылғы 26 ақпандағы № 25 бұйрығы.