«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 859 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
26-24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26-24) цифрлық технологиялар саласындағы қызметтің басым түрлерінің тізбесін және өз өндірісінің өлшемшарттарын келісу;»;
1-тармағының алтыншы және жетінші абзацтары 2026 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 66-7) тармақшамен толықтырылсын:
«66-7) кредиттік рейтингі болуға міндетті, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды айқындау өлшемшарттарын әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 121-3) және 121-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«121-3) мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларын индекстеу қағидаларын әзірлеу;
121-4) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының жұмыскерлеріне бонустар төлеу, сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын әзірлеу;»;
154-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«154-1) автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 156-7), 156-8) және 156-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«156-7) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;