Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығы
(2024.17.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсында және оның мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне мемлекеттік тіркелгені туралы және осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 күн ішінде ақпарат құралдарына жариялау туралы жіберілгенін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.04.07. № 437 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Көлік министрінің м.а. 2024.15.07. № 244 бұйрығымен (2024 ж. 17 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) біліктілік талаптары жаңа редакцияда