Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 11-1-4/669 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 1 декабря 2023
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 1 декабря 2023

Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 11-1-4/669 бұйрығы

 

«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 66-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспортының үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) Қазақстан Республикасының қызметтік паспортының үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2)-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің м.а.

А. Бакаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің м.а.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы

№ 11-1-4/669 бұйрыққа

1-қосымша

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом