Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығы
(2017.24.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қорғаныс министрінің 2017.24.07. № 379 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының әуе қеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 93-бабының 3-тармақшасына сәйкес және авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссияның өкілеттіктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиға мен инцидентке тексеру жүргізу тәртібін айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ұшуларының қауіпсіздігін қадағалау бас басқармасының бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жолдасын;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.