Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2024 - 2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ...

Информация о документе
Датавторник, 5 декабря 2023
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 5 декабря 2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

 

Осы редакция 2024 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

1-бап. 2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 20 194 797 994 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 15 759 823 678 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 361 446 610 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 2 750 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 4 070 777 706 мың теңге;

2) шығындар - 23 316 158 487 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 363 477 575 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 617 804 497 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 254 326 922 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 49 929 694 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 49 929 694 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -3 534 767 762 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,6 пайызы;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -8 768 687 762 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 6,5 пайызы;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 3 534 767 762 мың теңге.

2-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 52 900 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 9 217 940 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсімдері көзделсін.

3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2024 жылға арналған түсімдердің көлемдері осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есепке жатқызылатын болып белгіленсін:

1) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;

2) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары.

Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес есептелген, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың сомаларына, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтады.

5-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алып қою көлемдері 469 501 019 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Атырау облысынан - 168 718 843 мың теңге;

Алматы қаласынан - 226 102 075 мың теңге;

Астана қаласынан - 74 680 101 мың теңге.

6-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен трансферттер түсімдері 1 276 687 мың теңге сомасында көзделсін.

Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен трансферттер түсімдерін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.

7-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт мөлшері 2 000 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.

8-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға 1 600 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.

9-бап. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері - 85 000 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 28 215 теңге;

3) зейнетақының ең төмен мөлшері - 57 853 теңге;

4) айлық есептік көрсеткіш - 3 692 теңге;

5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 43 407 теңге болып белгіленсін.

10-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 9,0 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін.

11-бап. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы болып белгіленсін.

12-бап. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.

13-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қала бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемдері 5 265 026 806 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Абай облысына - 234 948 938 мың теңге;

Ақмола облысына - 354 724 684 мың теңге;

Ақтөбе облысына - 293 012 614 мың теңге;

Алматы облысына - 183 608 471 мың теңге;

Шығыс Қазақстан облысына - 245 334 008 мың теңге;

Жамбыл облысына - 426 356 383 мың теңге;

Жетісу облысына - 355 343 578 мың теңге;

Батыс Қазақстан облысына - 251 390 766 мың теңге;

Қарағанды облысына - 322 790 809 мың теңге;

Қызылорда облысына - 433 008 847 мың теңге;

Қостанай облысына - 318 913 396 мың теңге;

Маңғыстау облысына - 135 605 790 мың теңге;

Павлодар облысына - 132 387 464 мың теңге;

Солтүстік Қазақстан облысына - 316 648 616 мың теңге;

Түркістан облысына - 1 001 641 890 мың теңге;

Ұлытау облысына - 51 803 957 мың теңге;

Шымкент қаласына - 207 506 595 мың теңге.

14-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне:

1) табиғатты қорғау және арнаулы мекемелер жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;

2) эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге;

3) ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

4) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған құралдарды (бұйымдарды) және атрибуттарды сатып алуға;

5) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;

6) еңбек мобильділігі орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге;

7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға;

8) мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін ауылдық толық жинақталған мектептерде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыруға;

9) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға;

10) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға;

11) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге;

12) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуге;

13) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

14) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға;

15) Астана қаласына іргелес жатқан елді мекендердің көлік инфрақұрылымын жөндеуге;

16) халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға;

17) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге;

18) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге 2024 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің осы баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген, 2024 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

15-бап. Ауыл халқының кірісін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану мақсатында ауыл халқына микрокредиттер беру үшін облыстық бюджеттерге кредит беруге арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

16-бап. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге арналған кредиттер сомаларын бөлуі және (немесе) пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

17-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беруге арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

18-бап. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылға арналған резерві 330 973 865 мың теңге сомасында бекітілсін.

20-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2024 жылға арналған шығындарының құрамында жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 2 750 000 мың теңге сомасындағы қаражат республикалық бюджеттің кірістерінде көрсетіле отырып, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға 8 855 460 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

21-бап. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің 2024 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 151 314 913 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

22-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 2024 жылы 1 000 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

23-бап. 2024 жылы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті қолданылмайды деп белгіленсін.

24-бап. 2024 жылға мемлекеттің кепілгерліктер беру лимиті қолданылмайды деп белгіленсін.

25-бап. 2024 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 28 743 600 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

26-бап. 2024 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 4 038 959 599 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

27-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі осы Заңға 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2024 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде осы Заңға 6-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.

28-бап. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарының болжамы осы Заңға 7-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

29-бап. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

  

Қазақстан Республикасының

            Президенті

 

          Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 5 желтоқсан

               № 43-VІІІ ҚРЗ

 

«2024 - 2026 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

2023 жылғы 5 желтоқсандағы

Қазақстан Республикасының

№ 43-VIII ҚРЗ Заңына

1-ҚОСЫМША

 

 

2024 жылға арналған республикалық бюджет

 

Санаты

Атауы

Сомасы, мың теңге

Сыныбы

Iшкi сыныбы

I. Кірістер

20 194 797 994

1

Салықтық түсімдер

15 759 823 678

01

Табыс салығы

4 802 014 221

1

Корпоративтік табыс салығы

4 802 014 221

05

Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар

8 711 245 287

1

Қосылған құн салығы

7 341 442 312

2

Акциздер

190 313 599

3

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер

1 148 607 846

4

Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар

12 663 802

5

Ойын бизнесіне салық

18 217 728

06

Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар

2 240 570 679

1

Кеден төлемдерi

2 185 723 680

2

Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар

54 846 999

08

Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер

5 993 491

1

Мемлекеттік баж

5 993 491

2

Салықтық емес түсiмдер

361 446 610

01

Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

278 678 537

1

Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері

1 188 880

3

Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер

188 471 891

4

Мемлекет меншігіндегі заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер

10 298 900

5

Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

63 853 095

6

Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар

4 280 000

7

Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар

1 223 879

9

Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер

9 361 892

02

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

6 775 033

1

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

6 775 033

03

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

245 070

1

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

245 070

04

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

868 976

1

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін, Жәбірленушілерге өтемақы қорына және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

868 976

05

Гранттар

659 665

2

Қаржылық көмек

659 665

06

Басқа да салықтық емес түсiмдер

74 219 329

1

Басқа да салықтық емес түсiмдер

74 219 329

3

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

2 750 000

02

Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату

2 750 000

1

Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату

2 750 000

4

Трансферттердің түсімдері

4 070 777 706

01

Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер

470 777 706

1

Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен трансферттер

470 777 706

04

Ұлттық қордан трансферттер

3 600 000 000

1

Республикалық бюджетке Ұлттық қордан трансферттер

3 600 000 000

Функционалдық топ

Атауы

Сомасы, мың теңге

Әкімші

Бағдарлама

II. Шығындар

23 316 158 487

1

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер

1 004 521 910

101

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

18 409 928

001

Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету

18 409 928

106

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

1 300 889

001

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтер

1 234 022

005

Қазақстандағы ұлттық құқық қорғау тетіктерінің тиімділігін күшейту

66 867

107

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты

823 560

001

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

823 560

109

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

4 357 564

001

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

4 357 564

201

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi

168 160 704

001

Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

168 160 704

204

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi

107 034 359

001

Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

78 470 736

005

Шетелдік іссапарлар

3 958 040

008

Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету

242 887

013

Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру

490 004

017

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, өзге де халықаралық және басқа органдарға қатысуы

20 982 783

019

Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету

1 917 007

021

Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету

61 509

022

Шетелдегі отандастармен және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтармен байланыстарды және қатынастарды дамытуға жәрдемдесу

650 572

028

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық қызметтің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру

58 532

045

Халықаралық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметін гранттық қаржыландыру

202 289

207

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

9 632 143

001

Экология және табиғи ресурстар саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

9 632 143

211

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

6 641 333

001

Ішкі жəне сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау жəне өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту жəне ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

6 641 333

 

Функционалдық топ

Атауы

Сомасы, мың теңге

Әкімші

Бағдарлама

217

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi

185 405 757

001

Бюджеттік жоспарлауды, мемлекеттік бюджетті атқаруды және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

126 377 943

002

Халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалардың аудитiн жүзеге асыру

14 800

067

Саяси партияларды қаржыландыру

15 227 883

094

Мемлекеттік активтерді басқару

508 606

205

Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық толық жарақтандыру

43 276 525

223

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

32 302 734

001

Цифрландыру, инновациялар, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), топография-геодезия және картография саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

32 302 734

227

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

217 263 248

130

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру

10 147 772

217

Ғылымды дамыту

207 115 476

228

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

11 397 038

001

Көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

11 397 038

229

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

26 399 674

001

Өнеркәсіп, қорғаныс өнеркәсібі, геология, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

6 399 674

222

Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу

20 000 000

241

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

6 418 395

001

Энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

6 418 395

243

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

14 507 935

001

Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

10 725 295

006

Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асырылуын қамтамасыз ету

1 580 252

057

Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуы

163 379

073

Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету

1 747 178

Функционалдық топ

Атауы

Сомасы, мың теңге

Әкімші

Бағдарлама

096

Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу

291 831

406

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы

5 773 816

001

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

5 022 862

007

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру

750 954

608

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi

5 448 854

001

Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру

4 927 928

008

Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау

253 000

012

Республиканың мемлекеттiк қызмет кадрларын тестілеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер

267 926

625

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

10 722 453

001

Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

10 722 453

626

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

22 218 006

001

Реформаларды қалыптастыруға және тиімді іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік басқару жүйесі мен квазимемлекеттік секторды жетілдіруге қатысу

18 776 659

002

Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету

3 224 955

003

Халықаралық міндеттемелерді орындау және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасындағы балалар мен әйелдердің жағдайын мониторингтеу үшін мультииндикаторлық кластерлік зерттеп-қарауды жүргізу

216 392

627

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

3 669 550

001

Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету

3 669 550

628

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

16 256 930

001

Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

16 256 930

637

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты

1 641 424

001

Республика аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ету

1 641 424

651

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

5 814 911

002

Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

5 814 911

652

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі

8 393 191

001

Су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

8 393 191

690

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

12 847 286

001

Сайлау өткізуді ұйымдастыру

1 233 326

 

Редакция документа

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом