Еларалық есептіліктің және халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысандарын және олардың толтыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 178 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 18 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағына, 5-1-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес еларалық есептіліктің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес еларалық есептілікті толтыру қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті толтыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;