Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы №10/233 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 22/464 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 1 апреля 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 5 апреля 2022
Дата последнего измененияпятница, 1 апреля 2022

 «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы №10/233 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 22/464 Қаулысы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9572 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі сайлау бюллетенінің нысаны осы қаулыға 1-қосымшаға сай редакцияда жазылсын;

Республика Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, Республика астанасының сайлау комиссиясы хаттамасының нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сай редакцияда жазылсын;

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлауда дауыстарды санау нәтижелері туралы хабардың нысаны осы қаулыға 3-қосымшаға сай редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының халықаралық-құқықтық және сайлау процесін ұйымдастыру бөлімдері:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссияларының төрағаларына жіберілсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Орталық сайлау комиссиясының

Төрағасы

 

 

Н. Абдиров

 

Қазақстан Республикасы Орталық

сайлау комиссиясының Төрағасы

2022 жылғы 1 сәуірдегі

№ 22/464 қаулысына

1- қосымша

 

Қазақстан Республикасының

Орталық сайлау комиссиясының

2014 жылғы 6 маусымдағы

№ 10/233 қаулысына

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом