Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығы
(2023.02.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2022.27.05. № 191 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 3 қарашадағы
№ 96 бұйрығымен
бекітілген
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану
қағидалары
ҚР Энергетика министрінің 2021.23.08. № 272 бұйрығымен кіріспе алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің 2021.23.08. № 272 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер