Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК...

Информация о документе
Датасреда, 31 октября 2018
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 31 октября 2018

Осы редакция 2020 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2018 жылғы 31 қазандағы

№ 604 бұйрығына

8-қосымша

 

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МЖБС) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы (бұдан әрі - ЖОО), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарындағы (бұдан әрі - ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында білім мазмұны білім алушылардың арнайы контингентін анықтайды және білім беру нормалары аталған оқу орындарының қызмет етуінің айрықша мәртебесіне сәйкес дербес әзірленеді.

2. МЖБС-да Заңға сәйкес ұғымдар қолданылады. Оларға қосымша мынадай ұғымдар енгізілген:

1) ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;

2) ӘАОО-дағы біліктілік талаптары - ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдары жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды;

3) ӘАОО-дағы кәсіби құзыреттер - тиісті лауазымда құқық қорғау органдары жүйесіндегі кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, іскерліктер мен дағдылар;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом