Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 789 Қаулысы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 101-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 789 қаулысымен бекітілген
Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппараты (бұдан әрі - Бас прокуратура)
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі, Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі, Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі, Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі, Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі, Кадрлық жұмыс департаменті, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті, Қаржы департаменті:
Қызмет бастығы;
Департамент бастығы;
Қызмет бастығының орынбасары;
Бас Прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі;
Бас прокуратураның Департамент бастығының орынбасары;
Бас прокуратураның дербес басқармасының бастығы;
Бас прокуратураның басқарма бастығы;
Дербес басқарма бастығының орынбасары;