Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығы
(2017.18.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 21 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз ететін болсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
4. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 100 бұйрығына
1-қосымша
Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион
нысанындағы сауда-саттықта өткізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмеген тыйым салынған мүлікті өткізу тәртібін белгілейді.