Оқыту бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын және осындай оқытудан өткені туралы сертификат нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 90 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-2-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқыту бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды ұйымдастыру қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытудан өткені туралы сертификаттың нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі | Г. Бейсембаев |
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 90 бұйрығына
1-қосымша
Тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқыту
бағдарламасының мазмұнына қойылатын
талаптар