Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 741 бұйрығы
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 13 бұйрығымен күші жойылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 88-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 303 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10731 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 741 бұйрығымен
бекітілген