«Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 181 бұйрығы
(2023.07.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 16 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы | К. Ускенбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2020 жылғы 3 сәуірдегі
№ 181 бұйрығына
қосымша
«Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру» мемлекеттік қызметті көрсету
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер