«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 654 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 950 Қаулысымен күші жойылды
«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 691-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 654 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 891 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі - МҒТС) ұйымдастыруға және жүргізуге байланысты қатынастарды реттейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өтінім беруші - уәкілетті органда аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі немесе ғылыми зерттеулерді іске асыратын дербес білім беру ұйымы және оның тең шарттардағы ұйымдары;