«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 86-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтері мен түрлеріндегі білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында:
158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«158. Осы қағидалардағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдары - «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының 1-тармағында көрсетілген кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ететін арнаулы білім беру ұйымдары (бұдан әрі - арнаулы білім беру ұйымдары).»;
160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«160. Арнаулы білім беру ұйымы өзінің жарғысын Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, «Білім туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және осы Қағидалар негізінде әзірлейді.»;
162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: