Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы
(2025.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.07.08. № 248 бұйрығымен (2023 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.31.03. № 59 бұйрығымен (2025 ж. 14 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.07.08. № 248 бұйрығымен (2023 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.31.03. № 59 бұйрығымен (2025 ж. 14 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгілік қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;