Ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 107 бұйрығы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Мемлекет кепілдік берген қарыздарды және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды игеру және өтеу туралы есеп» (индексі 1-ОПЗ, кезеңділігі айлық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекет кепілдік берген қарыздарды және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды игеру және өтеу туралы есеп» (индексі 1-ОПЗ, кезеңділігі айлық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланған бірінші күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 17 ақпандағы
№ 107 бұйрығына
1-қосымша
| Ақпарат алушы органдар құпиялылығына кепілдік береді Конфиденциальность гарантируется органами получателями информации Ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны Статистическая форма ведомственного статистического наблюдения | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы «_» ___ № _ бұйрығына 1-қосымша |