ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 16-баптың 17) жəне 23) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«17) мемлекеттік заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқарумен байланысты лауазымдарды қоспағанда, тиісті қызмет салаларының уəкілетті мемлекеттік органдары əзірлейтін жəне бекітетін экономикалық қызметтің алуан түрлі ұйымдарының басшылары, мамандары жəне басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалықтарын немесе үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарайды жəне келіседі;»;
«23) мемлекеттік білім беру ұйымының педагогін, мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысын, сондай-ақ осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, азаматтық қызметке кіру жəне азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу тəртібін айқындайды;»;
2) 101-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Мемлекеттік заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптары, біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сəйкес белгіленеді.»;
3) 139-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Білім беру жəне мəдениет саласындағы жекелеген мемлекеттік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын жəне лауазымнан босататын бірінші басшыларын, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысын қоспағанда, мемлекеттік заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқарумен байланысты лауазымдарға адамдарды қабылдау, олардың еңбек қызметін өткеру тəртібін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен келісу бойынша айқындайды.»;
4) мынадай мазмұндағы 143-2-баппен толықтырылсын:
«143-2-бап. Мемлекеттік органдарда қызметін еңбек шарты негізінде жүзеге асыратын адамдардың, мемлекеттік заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдардың еңбегін реттеу ерекшеліктері
Мемлекеттік органдарда қызметін еңбек шарты негізінде жүзеге асыратын адамдардың, мемлекеттік заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдардың еңбегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодексте реттеледі.»;
5) 146-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың ережелері осы Кодекстің 143-бабында көрсетілген жұмыскерлерге қолданылмайды.».
2. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 74-1) тармақшамен толықтырылсын:
«74-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті органмен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшілердің есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді тұтыну белгілерін анықтау рəсімдерін жүргізу жəне олардың нəтижесін ресімдеу қағидаларын бекітеді;»;
2) мынадай мазмұндағы 142-1-баппен толықтырылсын:
«142-1-бап. Мемлекеттік қызметшілерді есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді тұтынуы тұрғысынан медициналық куəландыру
1. Мемлекеттік қызметшілердің есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз тұтынуына профилактика жүргізу мақсатында олар есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді тұтынуы тұрғысынан Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жəне белгіленген тəртіппен медициналық куəландырылуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшілерді есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді тұтыну фактісін жəне масаң күйде болуын анықтау тұрғысынан медициналық куəландырудан өтуге жіберу тəртібі мен негіздері, сондай-ақ медициналық куəландырылуға жататын лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар жəне олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңнамасына сəйкес айқындалады.
2. Медициналық куəландыруға жіберуді жəне оның жүргізілуін қамтамасыз етпеген не есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді заңсыз тұтынудың анықталған фактісі бар адамдардың қызметтік міндеттерін атқаруына жол берген мемлекеттік органдардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауапты болады.
3. Мемлекеттік қызметшінің медициналық куəландырудан өтуден бас тартуы немесе одан өтуден жалтаруы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.».
3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
20-1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Саяси мемлекеттік қызметшілерге осы Заңда көзделген ерекшеліктермен бірге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылады.».
4. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «құқық қорғау органының» деген сөздер «мемлекеттік қызметшілерді, құқық қорғау органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
1-5), 1-6), 1-7), 1-8) жəне 1-9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-5) бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезіндегі төлемдер - тұрғынжайды жалдау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сəйкес белгіленетін жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына берілетін төлемдер;
1-6) бірыңғай есеп айырысу орталығы - уəкілетті орган айқындайтын жұмыс істеу талаптары мен тəртібіне сəйкес келетін, бірыңғай төлем құжатын қалыптастыруды жүзеге асыратын жəне ақпараттық жүйелер негізінде коммуналдық көрсетілетін қызметтерді берушілер мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін заңды тұлғалар;
1-7) бірыңғай республикалық электрондық база - осы Заңға сəйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мəліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
1-8) бірыңғай төлем құжаты - қағаз жеткізгіште жасалған не электрондық нысанда қалыптастырылған, соның негізінде немесе көмегімен төлем жəне (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын, коммуналдық жəне қосымша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыру үшін жасалған құжат;
1-9) бюджеттік ұйымдар - мемлекеттік мекемелер жəне қазыналық кəсіпорындар;»;
мынадай мазмұндағы 1-10) тармақшамен толықтырылсын:
«1-10) ведомстволық тұрғын үй қоры - мемлекеттік мекемелердің балансында тұрған, лауазымға ротациялау тəртібімен тағайындалатын не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде тұру үшін одан əрі жекешелендіру құқығынсыз, тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша беруге арналған қызметтік тұрғынжайлар;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) қызметтік тұрғынжай - мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін жəне еңбек қатынастарының сипатына қарай өз міндеттерін орындауы кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді ротациялау не оларды мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарын не Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сəйкес жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатындарды қоныстандыруға арналған, айрықша құқықтық режимі бар тұрғынжай;»;
мынадай мазмұндағы 21-3) тармақшамен толықтырылсын:
«21-3) мемлекеттік органды көшіру кезіндегі төлемдер - тұрғынжайды жалдау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сəйкес белгіленетін жəне мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге берілетін төлемдер;»;
3) 13-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 8-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) лауазымға ротациялау тəртібімен тағайындалған не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне ведомстволық тұрғынжай қорынан берілген тұрғынжайларды жекешелендіруге болмайды.»;
4) 67-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ведомстволық тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжайлар лауазымға ротациялау тəртібімен тағайындалған не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған, осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне пайдалануға беріледі.»;
5) 110-баптың 1-тармағында:
бірінші жəне үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Еңбек қатынастарының сипатына қарай өз міндеттерін орындау кезеңінде Қазақстан Республикасы азаматтарын, оның ішінде лауазымға ротациялау тəртібімен тағайындалған не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабы бойынша ауыстырылған мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарын қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды беру жəне оны пайдалану тəртібін уəкілетті орган айқындайды.»;
«Лауазымға ротациялау тəртібімен тағайындалған не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына ротациялау орны бойынша қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, еңбек қатынастарының сипатына қарай міндеттерін орындау кезеңіне тиісті төлемдер беріледі.»;
мынадай мазмұндағы бесінші жəне алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік органды көшіру кезіндегі төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге берілетін тұрғын үй төлемдерінің, көтерме жəрдемақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру жəне қайта бастау, сондай-ақ жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындарды өтеу қағидаларына сəйкес жүргізіледі.
Бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезіндегі төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге берілетін тұрғын үй төлемдерінің, көтерме жəрдемақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру жəне қайта бастау, сондай-ақ жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындарды өтеу қағидаларына сəйкес жүргізіледі.»;
6) 111-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 109-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастарына байланысты қызметтік тұрғынжай берiлiп, ол қатынастарды тоқтатқан жұмыскерлер, оның ішінде лауазымға ротациялау тəртібімен тағайындалған не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттары басқа тұрғын үй-жай берiлместен өздерiмен бiрге тұратын барлық адамдармен қоса шығарылуға тиіс.».
5. «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар жəне олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын:
«32-1-бап. Мемлекеттік қызметшілерді есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуы тұрғысынан медициналық куəландыру
1. Мемлекеттік қызметшілер есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуы тұрғысынан медициналық куəландырудан өтуге жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызметшілер атқаратын мемлекеттік лауазымдарды мынадай өлшемшарттар:
1) жауапкершілік пен тəуекел деңгейінің жоғары болуына байланысты орындалатын лауазымдық міндеттердің сипаты мен ерекшелігі;
2) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамаған кезде өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіру ықтималдығының дəрежесі;
3) тиісті лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілердің тəндік жəне психикалық жай-күйіне қойылатын талаптар ескеріле отырып қалыптастырылатын медициналық куəландырудан өтуге тиісті лауазымдар тізбесіне (бұдан əрі - лауазымдар тізбесі) қосу есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуы тұрғысынан оларды медициналық куəландырудан өту үшін жіберуге негіз болады.
3. Лауазымдар тізбесі:
1) жұмыстан шығаруға негіз болмаған, бірақ жай-күйін қайта бағалауды талап ететін жекелеген белгілер анықталған алдыңғы медициналық куəландырудың нəтижелері;
2) мемлекеттік қызметшінің есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну фактісі не масаң күйде болуы анықталған жол-көлік оқиғаларын жасағаны туралы мəліметтер;
3) жеке немесе заңды тұлғаның өтініші бойынша жүргізілген тексеру нəтижелерімен расталған, мемлекеттік қызметшінің масаң күйде болуы мүмкін екенін көрсететін мінез-құлық фактілері туралы мəліметтер;
4) мемлекеттік қызметшінің масаң күйде болу белгілері бар мінез-құлқы туралы ақпаратты қамтитын, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе интернет-ресурстарда орналастырылған мəліметтер;
5) уəкілетті мемлекеттік органдар ұсынған, мемлекеттік қызметшінің есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну фактілерін немесе масаң күйде болуын растайтын мəліметтер ескеріле отырып қалыптастырылады.
4. Осы бапта көрсетілген көздерден келіп түсетін мəліметтерді жинауды мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жүзеге асырады.
5. Лауазымдар тізбесін мемлекеттік органның басшысы не оның аппаратының басшысы бекітеді жəне ол «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таратылуы шектелген құжаттар қатарына жатады.
6. Лауазымдар тізбесіне енгізілмеген мемлекеттік қызметшілер:
1) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну белгілерін анықтау, сондай-ақ оның нəтижелерін ресімдеу тəртібіне сəйкес анықталған, мемлекеттік қызметшінің есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынғаны ықтимал екенінің белгілері туралы мəліметтерді қамтитын персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) ұсынуы бойынша;
2) персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) тиісті актісімен ресімделіп, мемлекеттік қызметші жұмыс орнында не қызметтік міндеттерін атқару кезінде есірткілік немесе өзге де уытқұмарлық масаң күйде болған жағдайда;
3) мемлекеттік қызметші жұмыс уақытында өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, қоғамдық тəртіпті бұзатын не мемлекеттік органның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін əрекеттерді жасаған жағдайда;
4) жұмыс орнында есірткі мен психотроптық заттар, сол тектестер табылған жағдайда медициналық куəландырудан өтуге жіберіледі.
7. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік органның басшысы не оның аппаратының басшысы медициналық куəландыруды жүргізу туралы шешім қабылдаған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде медициналық куəландыруға жібереді.
8. Жолдамада медициналық куəландырудың мақсаты, оны жүргізудің негіздемесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметші жіберілетін медициналық ұйымның атауы көрсетіледі.
9. Медициналық куəландырудың нəтижелерін сақтау мен өңдеу Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызметші медициналық куəландырудан өтуден бас тартқан не одан өтуден жалтарған жағдайда, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тиісті акті жасап, онда бас тартудың немесе жалтарудың мəн-жайларын жазып көрсетеді.
Көрсетілген акт мемлекеттік қызметшінің жеке ісіне қосып тіркеледі.
Медициналық куəландырудан өтуден бас тарту Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сəйкес мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) негіз болады.
11. Мемлекеттік қызметшінің есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну фактісі расталған жағдайда мемлекеттік органның басшысы не оның аппараты басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жəне белгіленген тəртіппен тиісті мəліметтердің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті органға жəне құқық қорғау органдарына жіберілуін қамтамасыз етеді.
12. Мемлекеттік қызметшінің медициналық куəландырудан өтуі жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
13. Басшы мемлекеттік лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер жыл сайын медициналық куəландырылуға тиіс.
14. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі, арнаулы мемлекеттік органдар, əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі, азаматтық қорғау туралы заңнамасында көзделген жағдайларға қолданылмайды.».
6. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-бапта:
2-11-тармақтың бірінші жəне екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2-11. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мəслихаты сайланған əкімнің орнынан түсуін қабылдау немесе орнынан түсуін қабылдаудан уəжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Орнынан түсуді қабылдау немесе орнынан түсуді қабылдаудан бас тарту туралы шешім сайланған əкімнің жеке жазбаша өтініші берілген күннен бастап бір ай мерзімде қабылданады.»;
мынадай мазмұндағы 2-17-тармақпен толықтырылсын:
«2-17. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мəслихаты сайланған əкімге атқаратын лауазымына сай емес деп тану түрінде тəртіптік жаза қолдану туралы актінің көшірмесі келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде сайланған əкімнің өкілеттігін тоқтату не оның өз міндеттерін жүзеге асыруды жалғастыруы туралы мəселені қарайды.
Сайланған əкімнің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) мəслихаты шешімінің көшірмесі тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.
Аумақтық сайлау комиссиясы аудан (облыстық маңызы бар қала) мəслихатының шешімі негізінде сайланған əкімді өкілеттігінен айыру фактісін назарға алады.»;
2) 21-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жазалар қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен мəслихат сессиясында қолданылады, олардың қолданылуы туралы ақпарат тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.»;
3) 36-бапта:
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) жəне 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мəслихаты əкімнің орнынан түсуін қабылдаған;
3-2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мəслихаты əкімге атқаратын лауазымына сай емес деп тану түрінде тəртіптік жаза қолдануға байланысты əкімнің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған;»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімінің өкілеттіктері осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімінің өкілеттіктерін тоқтатуға алып келетін негіздердің басталу фактісі көрсетілетін шешім қабылдайды жəне тиісті аумақтық сайлау комиссиясы сайланған əкімді өкілеттігінен айыру фактісін назарға алатын осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 3-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) əкіміне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгізу туралы шешім қабылдайды.».
7. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-2-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де қағидаттар.»;
2) 9-бапта:
3-тармақ «қызметке тұру» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сəйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
3) 12-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы «оқу орындарына,» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымына,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 14-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «бос» деген сөзден кейін «немесе уақытша бос» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 15-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «адамдар» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 15-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «мəртебесі,» деген сөзден кейін «атқаратын лауазымы,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 17-баптың тақырыбы жəне 1-тармағы «оқу орындарына,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымына,» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 18-бапта:
1-тармақта:
3) тармақшадағы «табысы мен» деген сөздер «кірісі мен өзіне меншік құқығында тиесілі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту, одан айыру не шығу салдарынан Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы негіз болады.
Дипломатиялық қызметтің қызметкерi немесе дипломатиялық қызметтің жұмыскерi басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тəртіппен жұмыстан шығарылуға жатады;»;
4-1) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Дипломатиялық қызметтің персоналы дипломатиялық қызмет органдарынан өз еркiмен жұмыстан шыққан кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне алынады.».
8. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
15-11-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Саяси мемлекеттік қызметшілерге осы Заңда көзделген ерекшеліктермен бірге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылады.».
9. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 79) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«79) еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;»;
2) 26-баптың 11-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төменгі лауазымдарға орналасу үшін мамандар даярлау шеңберінде жоғары білімнің жекелеген мамандықтары немесе білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сəйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.»;
3) 47-баптың 17-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін мамандар даярлау шеңберінде жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыған Қазақстан Республикасының азаматтары оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген мерзімдерде жəне тəртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.».