Сандықтау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № А-5/105 «Сандықтау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № А-10/232 Қаулысы
Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сандықтау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» Сандықтау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № А-5/105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8492 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Сандықтау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.»;
2-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда жазылсын:
«Сандықтау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № А-5/105 қаулысына қосымша»;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сандықтау ауданының әкімі | Е. Жусупбеков |
Сандықтау ауданы әкімдігінің