Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 101 бұйрығы
(2016.15.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 95-ө өкімінің 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1-тармақшасын, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
ҚР Бас Прокурорының 2016.15.11. № 172 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелеріне, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына, Бас әскери және көлік прокуратураларына, облыс, Астана, Алматы қалаларының прокуратураларына, Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшiн жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры | А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2013 жылғы 23 қырқүйектегі
№ 101 бұйрығына қосымша
Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін
қажетті және жеткілікті дербес деректердің
тізбесі
1) Тегі, аты, әкесінің аты;