«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 қарашадағы № 775 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 551 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу туралы шешімдерін, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтық актісін дайындау мынадай:
1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға ақша болмаған;
1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мақсаттарға арнайы резервтен қаражат бөлінген;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар резервтерінің ақшасына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында туындағанда және оларға қажеттілік Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін соттардың шешімдері бойынша өтеу жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өткен міндеттемелеріне байланысты болмаған;