Введите номер документа
Прайс-лист

«Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 361 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 20 декабря 2018
Статус
Утратил силу
утратил силу с 11 июня 2020

 «Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 361 бұйрығы

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 140 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Туристік қызмет саласындағы мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықты қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі

 

А. Мұхамедиұлы

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом