Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
2025 жылғы 26 тамыздағы
№ 316 бұйрығына
3-қосымша
КӘСІПТІК СТАНДАРТ
«Тау-кен металлургиялық кешен үшін қауіпсіздік шешімдерін әзірлеуші»
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Тау-кен металлургиялық кешен үшін қауіпсіздік шешімдерін әзірлеуші» кәсіптік стандарты Қазақстан Республикасының «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Заңының 5-бабына сәйкес әзірленген. Аталған кәсіптік стандарт өнеркәсіптік қауіпсіздік, технологиялық процестер мен өндірістердің қауіпсіздігі саласында кадрларды бағалау, аттестаттау және біліктілігін растау, даярлау және қайта даярлау үшін негіз ретінде қолданылады және кең ауқымды пайдаланушыларға арналған:
1) қызметкерлерге - өнеркәсіптік қауіпсіздік, технологиялық процестер мен өндірістердің қауіпсіздігі саласындағы кәсіби қызметке қойылатын талаптарды түсіну, кәсіби дамуын жоспарлау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ профильдік бағыт бойынша мансаптық өсуін болжау үшін;
2) жұмыс берушілерге - өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды әзірлеу, сондай-ақ өндірістік процестердің технологиясы мен тау-кен металлургиялық кешенде оның біліктілігіне қойылатын талаптарды жаңарту, еңбек нарығының қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беру үшін; персоналды жалдау және аттестаттау кезінде критерийлерді қалыптастыру, сондай-ақ біліктілікті арттыру, дамыту, жылжыту және кадрларды ротациялау бағдарламаларын құрастыру үшін;
3) білім беру және оқу орындарына - техносфералық қауіпсіздік, технологиялық процестер мен өндірістердің қауіпсіздігі, тау-кен металлургиялық кешендегі мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламаларының мақсаттары мен мазмұнын анықтау үшін; техносфералық қауіпсіздік, технологиялық процестер мен өндірістердің қауіпсіздігі, тау-кен ісі, металлургиялық өндіріс және т.б. бағыттар бойынша оқытушылар мен сарапшылардың кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту үшін;