Тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 316 бұйрығы
(2026.23.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.04.03. № 83 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Тау-кен металлургиялық кәсіпорындардағы Digital-технолог» кәсіптік стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Тау-кен металлургиялық кәсіпорындардағы өндірістік процестерді синхрондау менеджері/жоспарлаушы/түзетуші» кәсіптік стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Тау-кен металлургиялық кешен үшін қауіпсіздік шешімдерін әзірлеуші» кәсіптік стандарты бекітілсін.
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Балқытылатын үлгілер бойынша құю» кәсіптік стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қысыммен құю» кәсіптік стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Шойын өндіру» кәсіптік стандарты бекітілсін;