Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
2025 жылғы 26 тамыздағы
№ 316 бұйрығына
2-қосымша
КӘСІПТІК СТАНДАРТ
«Тау-кен металлургиялық кәсіпорындардағы өндірістік процестерді
синхрондау менеджері/жоспарлаушы/түзетуші»
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Тау-кен металлургиялық кәсіпорындардағы өндірістік процестерді синхрондау менеджері/жоспарлаушы/түзетуші» кәсіптік стандарты Қазақстан Республикасының «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Заңының 5-бабына сәйкес әзірленген және жұмысқа қабылдау талаптарын қалыптастыру, білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқыту, қызметкерлер мен білім беру ұйымдарының түлектерінің кәсіби біліктілігін тану, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындарда кадрларды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу кезінде қолданылуы мүмкін.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) Цифрлық датчиктер - температура, қысым, ылғалдылық және басқа да физикалық шамаларды өлшейтін және алынған деректерді компьютерлік жүйелермен өңдеу үшін цифрлық түрде беретін электрондық құрылғылар;
2) Ұшқышсыз ұшатын аппарат - өндірістік процестерді мониторингтеу және бақылау үшін қолданылатын, тікелей көріну аймағынан тыс орналасқан объектілерде сенсорлар мен камералармен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппараттары. Олар жабдықтардың және өндірістік процестердің жай-күйі туралы ақпарат жинап, өндірісті оңтайландыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шешімдерді қабылдау үшін деректерді жедел талдауды қамтамасыз етеді;
3) Supervisory Control and Data Acquisition системы - өндірістік процестерді бақылау, басқару және деректерді жинауға арналған бағдарламалық кешендер. Олар операторлар мен инженерлерге жабдықтардың жұмысы және технологиялық параметрлер туралы ақпаратқа орталықтандырылған интерфейс арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл өндірісті тиімді басқаруға, ақауларды анықтауға және жоюға, сондай-ақ кәсіпорынның өнімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді;