Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
2025 жылғы 26 тамыздағы
№ 316 бұйрығына
1-қосымша
КӘСІПТІК СТАНДАРТ
«Тау-кен металлургиялық кәсіпорындардағы Digital-технолог»
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Тау-кен металлургиялық кәсіпорындардағы Digital-технолог» кәсіптік стандарты Қазақстан Республикасының «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Заңының 5-бабына сәйкес әзірленген және жұмысқа қабылдау талаптарын қалыптастыру, білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқыту, қызметкерлер мен білім беру ұйымдарының түлектерінің кәсіби біліктілігін тану, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындарда кадрларды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу кезінде қолданылуы мүмкін.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) Modbus - жетекші архитектураға негізделген ашық коммуникациялық протокол. Электрондық құрылғылар арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін өнеркәсіпте кеңінен қолданылады;
2) Open Platform Communications Unified Architecture - автоматтандырылған жүйелердегі, мысалы, өндірістік желілер, ғимараттарды басқару жүйелері және басқа да өнеркәсіптік процестердегі әртүрлі құрылғылар арасында деректер алмасу үшін коммуникациялық протоколдың өнеркәсіптік стандарты;
3) Profibus - автоматтандырылған жабдықтар мен контроллерлер, мысалы, бағдарламаланатын логикалық контроллерлер арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік желінің стандарты. Бұл стандарт өндірісті және процестерді автоматтандыруда, сондай-ақ басқа да өнеркәсіптік қосымшаларда кеңінен қолданылады;
4) Python - жоғары деңгейлі, интерпретацияланатын, интерактивті және объектіге бағытталған бағдарламалау тілі;
5) R - деректерді статистикалық өңдеуге және графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалау тілі, сондай-ақ ашық бастапқы кодты есептеулерге арналған тегін бағдарламалық орта;