Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін және Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 30/98 бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 20-бабы 6-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес, Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киім (погонсыз) үлгілері;
2) осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес, Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру үлгілерінің Ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық және Астана, Алматы қалаларының аумақтық инспекция басшылары ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімдерін (погонсыз) сатып алу республикалық бюджетпен қарастырылып бөлінген қаржының шегінде қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (Жақыпбаев Н.Х.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
ҚР Ауыл шаруашылығы
министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 30/98 бұйрығына
1-қосымша