Рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызылатын көмірсутек кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту, «Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 449 Қаулысы
(2024.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 23 ақпандағы № 105 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2022.31.12. № 1144 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2022.31.12. № 1144 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 720-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2022.31.12. № 1144 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызылатын көмірсутек кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі бекітілсін.