Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 47 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
2026 жылғы 12 шілдеге дейін:
Қағидалардың 2-тармағы 1), 8) және 27) тармақшаларының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: