«Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 11 шілдедегі № 19 бұйрығы
4-тармаққа сәйкес 2025 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19947 болып тіркелген) келесі толықтырулар:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«21) «Кәсіпорындардың қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы» (индексі КО-6, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес;
22) «Кәсіпорындардың қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы» (индексі КО-6, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес.»;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 21 және 22-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;