«Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 338 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 586 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19327 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 қыркүйекте жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату және қолдану қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
6, 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ҮИЖ мемлекеттік кірістер органдарында ҮИЖ пайдалану орны бойынша тіркелуге жатады.
7. Пайдаланушы ҮИЖ мемлекеттік кірістер органдарына тіркеу үшін қағаз тасымалдағышта мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
ҮИЖ өндіруші паспортының көшірмесі.