Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 Қаулысы
(2021.02.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2020.06.04. № 177 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2042 жылға дейінгі кезеңге «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі;
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 772 қаулысымен
бекітілген
«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2018.31.07. № 476 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.22.10. № 780 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.06.04. № 177 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада орналасқан.
АЭА-ның аумағы 653,92 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2019.22.10. № 780 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.06.04. № 177 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. АЭА: